АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ауғандықтар елдегі ашаршылыққа байланысты бүйректері мен балаларын сатып жатыр[:]

[:kz]

 

Аш-жалаңаш қалған ауғандықтар азық-түлік алу үшін шарасыздықтан бүйрегін, тіпті өз балаларын сатып жатыр,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Ауғанстандағы көптеген отбасылар азық-түлік үшін өз ағзаларын, атап айтқанда бүйректерін сатуға мәжбүр, өйткені елде гуманитарлық дағдарыс тереңдей түсуде.

Басылымның репортаждарының біріне 5 адамнан тұратын отбасы кейіпкер болған. Олар ағзаны алу жөніндегі операцияларға келіскен. Кейбір органдар шамамен 1500 долларға (шамамен 652 мың теңге) сатылады.

Бұған қоса, органдарын сатып үлгерген тұрғындардың кейбірі «сататын ештеңесі қалмағандықтан, Ауғанстан экономикасы құлдыраудың аз-ақ алдында тұрғандықтан» өз балаларын сатуға көшкені хабарланды.

Аты-жөнін атамауды өтінген ерлі-зайыптылардың бірі басылымға сегіз баласын асырау үшін бүйрегін сатқанын мәлімдеген. Қазір олар бір баласын сатуды ойлап жүр, өйткені барлық балалары аштан өледі деп қорқады.

«Шамамен алты ай бұрын менің үш жасар ұлым аштықтан көз жұмды. Олардың қалай өлгенін көргім келмейді. Тым болмаса оларды басқа біреу тамақтандырады», — деді 25 жастағы ана.

Британиялық Sky News телеарнасының хабарлауынша, Иран шекарасына жақын орналасқан Герат маңындағы ауылда ондаған әйелдер мен қыздар отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін бүйректерін құрбан еткен. Олардың көпшілігі – жасөспірімдер. Көптеген ауыл тұрғындары қарыздарын өтеу үшін ирандық сатып алушыларға бүйректерін сатқан.

Айта кету керек, Ауғанстан өтімділік дағдарысын бастан кешуде, өйткені АҚШ пен басқа елдердегі активтер әлі де бұғатталып тұр, ал халықаралық ұйымдардың төлемдері тоқтатылған. Сондықтан, заңсыз 15 жасқа дейінгі балаларын сататын отбасылардың саны артып келеді.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді Ауғанстандағы гуманитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті барлық операцияларға рұқсат беруге шақырды. 

[:]