АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Атышулы «завуч» Ұлжан Елмұратова тағы да дауға ілікті (видео) [:]

[:kz]

Бір кездері аузынан былапыт сөздерді боратып, қоғамның назарын өзіне бұрған Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істеген Ұлжан Елмұратова тағы да дауға ілікті. Бұл туралы facebook қолданушысы Төребек Сейдуалиев жазды. 

Мұғалімдік этиканы білмейтін Ұлжан, тіпті жол ережесін де білмейді екен немесе білсе де ережеге бағынбайды. Инстаграм желісінде тікелей эфирде үнемі көлік жүргізіп отырады. Тікелей эфирде!!! қауіпсіздік белбеуін де тақпайды екен. «Түркістан, Сарағаш, Шымкент, Алматы  ременсіз журміз ал не істейсің»  — дейді Ұлжан. Бадам ауылының светафорлары ол үшін жоқ секілді, қызыл түске тоқтамай ақ өтіп кете береді. Бұл бассыздықты  полиция қызметкерлері елемей көз жұмғаны қалай? Құдды бір сол ішкі істер қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайтын, әрі шенді бір «кришасы» бар секілді — деп жазды ол. Еске сала кетейік, бүгін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Ұлжан Елмұратованы моральға қайшы іс-әрекеттері үшін қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын. Сонымен қатар мектеп директоры да зерделеу жұмыстарының нәтижесінде «директор» лауазымынан айрылды.

oinet.kz

[:]