АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атыраулық мұғалім жалған дипломмен 2 жыл жұмыс істеп келген[:]

[:kz]

Бұл туралы «Мой город» порталына сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Сотта анықталғандай, талапкер 2004 жылы Орта Азия университетінің Атыраудағы филиалына «Педагогика және психология» мамандығы бойынша сырттай оқуға тапсырады. Бірақ, ЖОО жабылуына байланысты 2007 жылдың қарашасында оқудан шығарылады.

— 2008 жылдың қараша айында ол Алматы қаласына келіп, тергеу барысында анықталмаған тұлғадан Орта Азия университеті берген «050103 — Педагогика және психология» мамандығының заңсыз жолмен жасалған жалған дипломын сатып алады. Ал 2017 жылдың қазан айында Индер көпсалалы ауыл шаруашылығы колледжіне «Педагогика және психология» мамандығы бойынша орналасып, бүгінге дейін істеп келген», — деп хабарлады Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот-техникалық сараптамасы нәтижесінде бұл дипломның лазерлі сұйық кристалды принтерде жасалғаны анықталды.
Сотта айыпталушы кінәсіз екенін айтып, өзін ақтауды сұранды. Дегенмен, оның кінәсі сараптама қорытындысымен және тергеу барысындағы басқа да айғақтармен толық дәлелденді.
Сот айыпталушыны ҚР ҚК 385-бабының 3-тармағы бойынша (Құжаттарды, мөрлер, бұрыштамалар мен бланкі, мемлекеттік марапаттар, пошта қызметінің мемлекеттік белгілерін жалған жолмен жасау немесе сату) кінәлі деп тапты.
Айыпталушының бұрын сотты болмағаны, отбасы мен жасы кәмелетке толмаған баласы бар екені ескеріліп, оған 60 125 мың теңге көлемінде айыппұл кесілді. Соттың үкімі заңды күшіне енді, — деп хабарлады Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

elitar.kz

[:]