АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Әсел Асқар гендер-пати жасап, сәбиінің жынысын жариялады[:]

[:kz]

 

Блогер, актриса Әсел Асқар гендер-пати жасап, құрсақтағы сәбиінің жынысын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әсел екінші баласын қатты күтіп жүргенін жеткізді. Ол алғашқы күннен бастап оның кім екенін сезгенін айтты.

 

«Ішімде ер адамның энергиясы барын сездім. Оны түсіндіре алмаймын. Қалай? Неге? Білдім, болды», — деп жазды Әсел.

Блогер бұл сәтті басқаша елестеткенін жеткізді.

«Қасымда бұған себепкер болған адам тұруы керек еді, бірақ осылай болып қалды. Жаратқанның қалауы сол шығар.

Қазір де көңілшекпін, ал мына жерде тіптен өзімді ұстай алмай, жылап жібердім. Бір жағынан өкінішті, ал бір жағынан қуаныштан секіргім келді», — деді блогер.

Әсел екінші ұлдың анасы болатынына қуанды. Оған есім таңдап қойғанын айтты.

Айта кетейік, Әселдің алғашқы некесінен бір ұлы бар. Блогер екінші күйеуімен ажырасып кеткеннен кейін, жүкті екенін білді.

 
 

[:]