АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Арон Атабек қайтыс болды[:]

[:kz]

«Шаңырақ» оқиғасына қатысты 18 жыл түрмедегі жазасының 15 жылын өтеп болған диссидент ақын Арон Атабек қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Айсұлу Әбубәкірова растады. Денсаулығы нашарлаған Арон Атабек соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп, «Сұңқар» клиникасын ем алып жатқан еді.

20 қазан күні ақынның қарындасы Рәзия Нутышева Арон Атабектің жағдайы нашарлағанын айтты. Кейін жедел-жәрдем шақыртып, диссидентті жеке клиникаға жатқызған.

Арон Атабектің сол уақытта жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатқаны айтылды. Кейін оның жан сақтау бөліміне түскені туралы хабарланды. Кейін комаға түскені айтылды.

Еске сала кетейік, Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Диссидент қылмысқа нұсқаушы ретінде жауапқа тартылды.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]