АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Анджелина Джоли»: Индира Расылхан кімге ұқсағысы келетінін айтты[:]

[:kz]

Индира Расылхан кімге ұқсағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Индира Расылхан еліміздің жұлдыздардын былай қойып, шетелдік өнер адамдарымен суретке түсуді армандайтын көрінеді. Тіпті әнші шетелдіктермен құрбы боламын деп ойлаған екен. Арманына қол жеткізбесе де, қиялдауын жалғастыра беретінін айтты Индира Расылхан.

«Кумирім бар. Ол — Анджелина Джоли. Неге екенін білмеймін өте қатты жақсы көремін. Және менің мақсатым, арманым Анджелина Джолимен кездесіп, суретке түсу. Сонымен қатар, Ким Кардашян ұнайды. Мен олармен құрбы болуды армандап қойғанмын», — дейді Индира Расылхан.

Дегенмен, Индира Расылхан отандық әншілерді жақсы көрмейді деген сөз емес. Өнер иесі қазақ сахнасының бұлбұлы Мақпал Жүнісованы қатты сыйлайтынын жеткізді.

«Мен Индира Расылхан болып тұрған күннің өзінде Мақпал Жүнісовамен суретке түсу арман болған. Алғаш көргенде есім кеткен. Бұл осыдан 7-8 жыл бұрын болған жағдай», — дейді Индира Расылхан.

 Stan.kz

[:]