АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылықтарға дүкендерге маскасыз кіруге тыйым салынды[:]

[:kz]

Карантинге жабылған Алматы қаласында қауіпсіздік талаптары одан әрі күшейтілуде. Мәселен, бұдан былай тұрғындар кез келген дүкенге маскасыз кіре алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматылықтарға дүкендерге маскасыз кіруге тыйым салынды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қаладағы режимнің қатаңдатылуына шаһарда инфекция жұқтырғандар санының көбеюі, тұрғындар мен кейбір нысандардың карантин режимін сақтамауы себеп болған.

Сонымен, қалалық штабтың шешімімен сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылды. Көңіл көтеру орындары, караоке, интернет клуб, балалар орталықтары, спорт залдар мен сауналардың да жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қойылмайды. Сондай-ақ, стоматологиялар да жұмыстарын жалғастыра бермек.

Ал қаладағы дәмхана, мейрамхана, асханалардың жұмысы толық тоқтамайды. Олар тағамды тек жеткізіп беру үшін әзірлейді. Ал үлкенді-кішілі азық-түлік дүкендеріне келушілер арақашықтықты сақтаулары тиіс. Дүкендер мен сауда орындарына енді маскасыз кіруге тыйым салынды. Талапты орындамаған дүкендер жабылады.

«Егер шағын дүкендер ғимарат ішіндегі жағдайды қадағалай алмаса, онда ішке кіретіндерді бақылауға алу керек. Бұл талап сақталмаса карантиннен пайда жоқ. Сондықтан үлкен және шағын дүкендердегі қызмет көрсетушілермен бірге келушілер де маска киюлері қажет», — деді Қалалық тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева.

Короновирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары да тек онлайн қызмет көрсетеді. Арнайы дайындықтан өткен 2 мыңға жуық маман еліміз бойынша телефон арқылы кеңес береді. Онымен қоса, видеобайланыс та қарастырылған. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында тек дайын құжаттар ғана беріледі.

«80 пайыз барлық қызметті онлайн түрде алуға болады. Оның ішінде «eGov Mobile» мобильді қосымшасы және телеграмдағы «egovkzbot2.0″ боты арқылы да онлайн алуға болады. Қазіргі таңда біздің 50 үздік қызметкер 1414 колл-центрде онлайн көмекші болып отыр», — дейді Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Қалмырза Сейітбеков.

Айта кетсек, карантин жарияланған уақыттан бері төтенше жағдай талабын бұзған 122 тұлға жауапқа тартылған. Оның 72-сі он бес тәулікке қамауға алынса, қалғандарына 26 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар 11 кәсіпкер жауапқа тартылып, екі сауда орнының басшысы қамалған. Бір адамға ескерту берілген. Егер заңды тұлғалардың салғырттығынан өзге адамдарға қауіпті індет жұғатын болса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады.

Еске сала кетсек, 28 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа шектеулер күшіне енеді.

 

 

[:]