АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыға келген шетелдік қонақ әуежайдан орталыққа жету үшін таксиге 26 мың төлеген[:]

[:kz]

Алматы тұрғыны шетелден келген танысы әуежайдан қала орталығына дейін таксиге 26 мың теңге бергенін айтып берді. Оқиға 2019 жылдың 26 мамыр күні болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Сіздерге шетелден келген қонағыммен болған оқиғаны айтқым келіп тұр. Ол Өзбекстаннан ұшып келіп, әуежайдан Минина көшесіне (Орталық стадион жақта) жету үшін такси қызметіне жүгінген.

Діттеген жеріне келіп, жол ақысын төлемек болғанда оған аспандағы бағаны 26 мың теңгені көрсеткен», — дейді қала тұрғыны.

Оның пікірінше, такси бағасы өте жоғары болып табылады. Сондай-ақ, алматылық ару жүргізуші жолаушының қазақстандық емес екенін біліп, қосымша ақша өндіріп алғанына сенімді екенін жеткізді.

Қала тұрғыны шетелдік қонаққа жол ақысы көрсетілген түбіртек берілгенін, онда такси тұрағының атауы да көрсетілгенін алға тартты.

Алайда сайтта тұрған нөмірді ешкім көтермейтінін атап өтті.

 

NUR.KZ

 

 

[:]