АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда жасөспірім 62 жатсағы қарияның басынан ұрып, мерт қылды[:]

[:kz]

Алматыда 62 жастағы ер адамды 15 жастағы жасөсіпірм өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ер адам үйінен дүкенге шыққан. Алайда оның жолына қара түсті джип көлігі тұрып қалған. Көліктің рөлінде 15 жастағы жасөспірім отырған. Жүргізуші автокөліктен шығып, қарт жаяу жүргіншіні ойын таяғымен (бита) басынан ұрған.

Төтенше оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткен. Алайда зардап шегушіні құтқарып қалу мүмкін болмаған, ол бірнеше минуттан соң көз жұмған. Кәмелет жасына толмаған азамат та оқиға орнынан тез арада қашып кеткен.

«Камерада бұл жігіттің Абайдағы тұраққа тұрғаны, қолына ойын таяғына ұқсас затты алып, оның артынан жүргені көрінеді. Қызым терезеден көріп: «Анда атам біреумен сөйлесіп әлде ұрсысып тұр. Түсініксіз» деді. Мен күртемді киіп, 1,5-2 минуттан соң төменге түстім, қарасам әкем жаяу жүргіншілер жолында беті төменге қарап жатыр, ол жер қан», — деді қаза тапқан қарияның ұлы Роман Ақмаев.

Тәртіп сақшылары кісі өлтірген күдіктіні ертесі күні таңертең ұстаған. Ол 15 жастағы алматылық болып шыққан. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Болған оқиғаның жай-жапсарын, сондай-ақ жасөспірімнің көлік рөліне қалай отырғанын полиция анықтап жатыр.

Алматы қаласы ПД ресми өкілінің айтуынша, аталған дерек 2019 жылдың 30 желтоқсанында Әуезов ауданы ПБ Полиция бөлімінде «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

[:]