АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда тұрғын үй орнына Назарбаевқа ескерткіш тұрғызу ұсынылды (фото, видео)[:]

[:kz]

Алматы орталығындағы саябақтың орнына тұрғын үй кешенінің тұрғызылуына қарсылық білдірген тұрғындар ол жерге Назарбаев атындағы сквер жасап, Елбасының ескерткішін қоюды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Болжам бойынша, тұрғын үй кешенінің сырт келбеті. Кадр Еуразия бірінші арнасының сюжетінен алынды

Болжам бойынша, тұрғын үй кешенінің сырт келбеті. Кадр Еуразия бірінші арнасының сюжетінен алынды

 

Алматының тарихи орталығындағы аумағы 33 соттық саябақ жергілікті тұрғындардың демалыс өткізетін сүйікті жерлерінің бірі болатын. Алайда, біраз уақыт бұрын аталған аумаққа қоршаулар қойылып, болашақ тұрғызылатын ғимараттың іргетасын қалау үшін қазаншұңқыр қазыла бастады.

Бұл іске көңілдері толмаған қала тұрғындары мен қоғам белсенділері биылғы жаздан бері құрылысты тоқтатуға тырысып келеді. Олар мүмкін болған барлық инстанцияларға жүгініп, тіпті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жолдады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: inAlmaty.kz

Фото: inAl

Президенттің оңтmaty.kz

 

үстік астанаға сапары барысында қала орталығындағы құрылыс жұмыстарына байланысты мәселе көтергенін айта кету керек. Ол шаһардың тарихи орталығында құрылыс жұмыстарына тыйым салу, қалада саябақ аймақтарының қажеттілігі туралы тұрғындардың мүддесін ескеру керектігін атап өтті.

Жақында тұрғындар осы мәселеге байланысты қоғамдық тыңдау өткізілуіне қол жеткізді. Тұрғындар мен салушы компания арасындағы пікірталаста үшінші тарап болып Алматы әкімдігі белгіленді.

Тұрғындардың атынан Urban Forum платформасының өкілі, сәулетші Әсел Ержанова сөз сөйледі. Ол тұрғызылып қойған құрылыс нысандарының арасында мұндай көлемді ғимараттың салынуы бекітілген сейсмоқауіпсіздік нормаларын бұзатынын мәлімдеді.

Ал салушы компанияның атқарушы директоры Атахан Оразлыев жоба бойынша барлық құжаттар келісіліп, сараптамалар жүргізілгенін, ал жердің өзі нарықтық бағасымен 700 млн теңгеге сатып алынғанын жеткізді.

Оның айтуынша, үйдің жобасында 180 жерасты автотұрақ орнын салу жоспарланған. Бұл ғимаратта қарастырылған пәтерлер санынан үш есе көп. Директор бұл шараның жақын маңдағы көшелер бойында тізіліп тұратын автокөліктерді азайту мақсатында жасалып отырғанын жеткізді.

Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қоғамдық тыңдауда жақсы ойлар айтылғанын жеткізді.

Солардың бірі, алматылықтардың бір тобы аталған аумаққа Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы сквер салып, Елбасы ескерткішін тұрғызуды ұсынды.

 
 

[:]