АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Алматыда подъезде тұрған бесік арбаға дәрет сындырған азамат видеоға түсіп қалды[:]

[:kz]

 

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған бесік арбаға дәрет сындырған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгін Алматы қаласының «Жас Қанат» шағын ауданының тұрғындары осы видеоны Facebook желісінде жариялады. Аталған факті бойынша тексеру басталды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады», — деп жазды Әбдірахманов Instagram парақшасында.

 

Айта кетері, ондай әрекет ұсақ бұзақылыққа жатады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.

 

 

2019 жылы елорда полицейлері «Мұнар» тұрғын үй кешеніндегі лифтіде дәрет сындырған әйелді тапқан еді. Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел туысқандарына қонаққа барған.

 
 

 

[:]