АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда екі жасар бала коронавирус жұқтырып алды[:]

[:kz]

Алматыда кішкентай баланың қауіпті вирусты жұқтырып алғаны анықталды. Талай адамның өмірін қыршынынан қиған коронавирус Германиядан ұшып келген екі жасар қыздан табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Бүгін оңтүстік астанада тағы да үш адамның коронавирусты жұқтырып алғаны белгілі болды.

Олардың бірі 2018 жылы туған қыз бала екені анықталды. Ол Берлин-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген.

Бүлдіршіннің қазіргі жағдайы жайлы әлі ақпарат берілмей жатыр.Одан бөлек, қауіпті вирусты 1956 мен 1966 жылғы ер азаматтар жұқтырып алған. Екеуі де 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келген.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 13 оқиғасы тіркелген. Олардың 11-і Алматы қаласында, екі оқиға Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі.

Әлем бойынша бүгінгі күні қауіпті вирусқа шалдыққандардың саны 180 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш бір түнде 14 мың адамға өскен.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

 

[:]