АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»Ақтөбе» — «Астана» матчын тесіктен сығалап тамашалаған жанкүйер табылды (фото, видео) [:]

[:kz]

 

Билеттің бітіп қалуына байланысты стадионға кіре алмай, «Ақтөбе» — «Астана» матчын тесіктен сығалап тамашалаған жанкүйер табылды, деп хабарлайды «Ақтөбе» футбол клубы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, матчты сығалап тамашалаған бозбаланың аты — Диас Сәкен. Ол биыл сегізінші сыныпты бітірген. Қазір каникулда. Диастың айтуынша, ол бала кезінен

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC AKTOBE | ФК АКТОБЕ (@fcaktobe_official)

«Ақтөбеге» жанкүйерлік етеді. 14 жастағы жасөспірім «Ақтөбе» — «Астана» ойынына билет бітіп қалғанын естігенде қынжылғанын жасырмайды. Десе де қалай да матчты алаңнан тамашалауды жөн көріп, стадионға «Батыс» трибунадағы баспалдақ арқылы көтеріліп, сол жердегі саңылаудан бірінші таймды тамашалаған.

 

 

Кейін Диасты журналистер мен полицейлер байқап қалған. Ал осылай тесіктен сығалап матч көріп отырған сәтін белгілі журналист Айдын Қожахмет фотоға түсіріп алған және Диасты стадионға кіргізуді өтінген. Осылайша, ақтөбелік жанкүйер екінші таймды алаңнан тамашалаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC AKTOBE | ФК АКТОБЕ (@fcaktobe_official)

«Осы орайда менің суретімді көріп, жылы ілтипатын білдірген облыс әкімі Оңдасын Оразалинге және сол фотоны түсіріп, жариялаған Айдын Қожахметке алғыс айтқым келеді. Бір күнде Қазақстанға танымал боламын деп ойламадым. Көптеген хат келіп жатыр. Баршаңызға рақмет!», — дейді Диас Сәкен.

Еске сала кетейік, бұған дейін стадионға кіре алмай, «Ақтөбе» — «Астана» матчын тесіктен сығалап тамашалаған жанкүйерге «Ақтөбе» футбол клубы іздеу салғанын жазған едік. Клубтың хабарлауынша, өңір басшысы Оңдасын Сейілұлы Оразалин баланың «Ақтөбеге» деген махаббатына қайран қалып, оны тауып, маусымдық абонементті табыстауға тапсырма берген.

 

kaz.nur.kz

 

[:]