АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]»7,5 млн тұрады»: Үйлену тойына арналған мешіт бейнесіндегі торт желіде қатаң сынға ұшырады (видео) [:]

[:kz]

Желіде құны 7,5 миллион теңге тұруы мүмкін тортты кесіп тұрған жастардың видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Үйлену тойына арналған торттың шынайы бағасы белгісіз. Видео мессенджерлер арқылы тараған. Оның қашан және қай жерде түсірілгені де беймәлім. 7,5 миллиондық торт бірнеше қабаттан тұратын ақ түсті қамал бейнесінде жасалған.

Желіде тортты мешітке, кесенеге ұқсатқандар да табылды. Тойға арналып пісірілген дәм әр жерінен раушан гүлінің күлтелерімен, жарық шамдармен көмкерілген. Видео үзіндіде тойды жүргізген асаба тортты кесуге екі жасты ортаға шақырады. Қалыңдықтың есімі Әйгерім екені анық естілген. «Тортты кескенге қимайсыздар ма? Келіңіздер! Әйгерім, пышағыңыз бен тәрелкеңізді ұстап, қалаған қабаттан, қалаған тілікті кесіп алайық. Отағасы ретінде Әйгерімнің қолынан ұста. Осы торт шықпай тұр екен ғой бәріңізді ортаға шығаратын», — дейді асаба.

 

Той қонақтары қымбат тәттіні жан-жағынан қаумалап, фото-видеоға түсіреді. Асаба оларды сабырға шақырып, торттың әр үстелге қойылатынын хабарлады. Желідегі Kun.kz парақшасында «қымбат тортқа» тапсырыс беріп, той жасағандар қатаң сынға ұшырады. «Құдай сақтасын, не астамшылық, мынаның да сұрауы болар?», » Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Бұлар тойып секіріп жүргендер ғой», » 7 миллионға мешіт салуга болады ғой, мешітті жеп жатыр, не деген сұмдық»,- деді олар. Ал енді бір топ екі жасқа бақыт тілеп, оларға қолдау білдірді. «Керемет қолдан келсе жасаған дұрыс! Әлемде той үшін долларлап шашып жатқандар бар. Әркімнің өз несібесі бар!», «Екі жас бақытты болса болды», — деп жазды желі қолдауншылары. 

[:]