АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]65 жастағы канадалық әжей Димаштың концертіне келу үшін несие алған (фото)[:]

[:kz]

Күні кеше Нью-Йоркте қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің концерті аншлагпен өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер қатарынан қазақ әншісі үшін түрлі тәуекелге барған жандар да табылды. Олардың бірі — канадалық Кристин Анне Унрух деп жазады KAZ.NUR.KZ nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 
 
Фото: nege.kz/ Ербол Молдажан

Фото: nege.kz/ Ербол Молдажан

 

65 жастағы Ванкувер тұрғыны Димаштың Лондон қаласындағы концертін көрген.

Содан бастап ол Қазақстанға келуді ниет етіпті. Дегенмен, қаражат жетпегендіктен, несие алуға мәжбүр болған екен.

«Видео соңында Димаш «Қазақстанға келіңдер!» деп шақырды. Мен үйде отырып: «Иә, міндетті түрде барамын!» деп айғайладым. Бірақ, шынымды айтсам, саяхатқа керекті ақша да, бірге баратын адам да болмады.

Өзім жалғыз ұша алмайтынымды білдім де, жаныма серік іздедім және оны Түркиядан таптым. Қазір біз онымен жақсы доспыз. Ал жолға қаражатты банктен несиеге алдым. Менің оған дейін кредиттік картам болмаған.

Иә, тек Қазақстанға барып, Димаштың концертін көру үшін кредит алдым. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Аз-аздан бөліп төлеп тастаймын»,-дейді ол.

Кристин Анне Унрух қазақстандық әнші өмірін өзгерткенін айтады. Ол қазір 5 баласы мен 10 немересін де Димаштың жанкүйері болуға шақырып жүр екен.

«Оның ән салғанын алғаш рет екі жыл бұрын Youtube-тан көрдім. Содан кейін әндерін қайталап тыңдай бердім, тыңдай бердім. Мен оның барлық әлеуметтік парақшасына тіркелдім. Себебі ол – тұнып тұрған күш. Оның дауысының күші, энергиясы өте мықты және ол өте жақсы адам», -деді әжей.

Канадалық жанкүйер Қазақстанға тағы келуге ниетті.

 
 

[:]