АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]300 мың теңгеге дейін: Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлер аналық ұрығын сатып ақша табатын болған[:]

[:kz]

Елімізде мұғалімдер жатырын сатып жүр. Олардың мұндай қада

мға баруына әлеуметтік жағдайларының төмендегені себеп. Олардың қатарында дәрігерлер, медбикелер, есепшілер де көптеп кездеседі. 14 күндік қызмет үшін оларға 300 мың теңгеге дейі бір реттік өтемақы беріледі. Ең өкініштісі, ақшасы таусылғанда аналық ұрығымды алыңызшы деп келетіндердің қатары көбейген. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Донор ооцитов. Әдетте бұл қызметке ана болуға қабілетсіз әйелдер келеді. Дені сау, түр-сымбаты келіскен, ең бастысы сәби сүюге қабілетті донорлар таңдалады. Олардың аналық жасушалары жалға алынады. Әлбетте тегін емес. Сурагаттық аналар орталығының директоры Дамира Шоқанқызының сөзінше, 150-ден 300 мыңға дейін бірреттік төлем жасалады екен.  Бұл ақша өз денсаулығын бәйгеге тіккен донорға өтемақы есебінде беріледі. 

«Донорлыққа ақша жетіспегеннен бардым. Мемлекеттік қызметте есепші болып жұмыс істеймін. Сондықтан алатын ақшам аз. Жалғызбасты анамын», — дейді Әсем есімді келіншек. 

Бұлардың ішінде мұғалімдер де, дәрігерлер де бар. 

«Жаңа жыл жақындағанда, балаларға мектеп формасын алу керек кездерде донорлар көптеп хабарласады. Бәріне ақша керек. Бала-шағасын солай асырайды», — дейді Дамира Шоқанқызы.

Орталыққа күніне 40 шақты тапсырыс келіп түседі. Оның көптігіен елімізде бедеуліктің белең алып бара жатқанын аңғаруға болады. 

Жалғызбасты аналар, кәрі қыздар, тіпті 20 жастағы қыздар да бала сүйе алмай жатады. 

«Донорлардың денсаулығына аса қауіпті болып, асқынулар болып жатқаны, қандай да бі ауруға шалдыққан соңғы бес жылда көп кездескен жоқ. Дегенмен дәрілерді қадбылдағандықтан кейбіреуде аллергия болуы мүмкін, кейбіреуінде аналық ұрық өспеуі мүмкін, аналық ұрықты алатын кезде, қан кетуі мүмкін, аналық без жыртылуы мүмкін. Осындай келеңсіздіктері де болады», — дейді репродуктолог Алмаз Ибрагимов.

Орталық арқылы донор болған көпбалалы ана 300 мың теңге алғаны үшін атаулы әлеуметтік көмектен қағылған кезі болған екен. Алайда бұл тұрақты жалақы көзі емес дейді басшысы. 

[:]