АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]140 балл жинаған оқушы жоғарғы білімді Қазақстанда алады[:]

[:kz]

Данияр Уәлиев инженер мамандығын меңгергісі келетінін айтты

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған оқушы Данияр Уәлиев жоғарғы білімді Қазақстанда алады. Оған қазақстандық университеттердің бірі гранты мен ректорлық шәкіртақы ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

 

Тестілеуде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін павлодарлық түлекке Білім-инновация қоры соңғы үлгідегі ноутбук сыйға тартты. Жалпы қор 5 жылдан бері білім-инновация лицейін тәмамдап, ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл алған оқушыларға осындай сыйлық жасап келеді.   

«Сүлеймен Демирель атындағы университеттің грантын ұсынды. Инженер мамандығын меңгерсем деймін. Болашақта энергетика саласында жұмыс істегім келеді. Білім алып, өз ісінің шебері деген атаққа қол жеткізгім келеді. Осылайша отбасым мен Отанымның игілігі үшін еңбек етуді жоспарлап отырмын», — дейді жас түлек Данияр Уәлиев.

[:]