АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]«10 млн-ның құдіреті»: араб күйеу бала отқа май тамызды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде кешеден бері қазақ қызының араб жігітке ұзатылып жатқан видеосы тарап жатыр. Бүгін күйеу баланың отқа май тамызып жатқан сәті де пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбадан араб жігіттің қыздың үйіне қымбат көлікпен кіріп келгенін, оны қайын жұрты шашу шашып, жылы жүзбен қарсы алып және отқа май тамыздырғанын көруге болады.

Бұл бейнежазбаны көрген көпшілік түрлі пікір айтуда.

«10 млн теңгенің құдіреті-ай!», «Бастысы, мұсылман ғой», «Отқа май құю дұрыс емес. Ислам дініне қайшы келеді», «Қалыңмалдың ставкасын көтерді. Енді қайттік?» деп жазды олар.

 

 

[:]