АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Розаның дымын қалдырмады»: Қалдыбек Құрманәлі өнер адамдарын сынға алатындар жайлы айтты [:]

[:kz]

 

Қазақтың танымал композиторы Қалдыбек Құрманәлі желіде отырып, өнер адамдарын сынға алатындарға қатысты пікір білдірді. «Nege.kz» сайтына берген сұқбат берген өнер иесі желідегі кибербуллинг туралы сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Композитор қазіргі таңда әлеуметтік желіде орын алып жатқан дау-дамайлар мен жағымсыз пікірлер туралы өз пікірін жеткізді. Айтуынша, желіде бір-бірін түтіп жеуге дейін баратын арнайы мүдделі топтар бар және олардың барлығының артында белгілі бір тұлғалар тұруы ғажап емес.

Мәселен композитор жуырда «МузАрт» тобының солистерінің біріне қатысты шыққан дау-дамайға да желіде пікір білдіріп, қолдау көрсеткен. Алайда, оның бұл жазбасы қызу талқыға түскен. «Әркімнің өз шындығы бар. Бұл жерде гуманистік тұрғыдан қарау керек. Біз – тұлғамыз. Сол жерде маған қарсы пікір жазған адамдарға күмәнім бар. Олар сауатты, білімді деп те ойламаймын. Көшеде, базарда ерігіп отырған адам шығар. Өміріне өкпелі, адам боп туғанына риза емес. Зиялы, сауатты адамдар пікір айтып жатса, мейлі», — дейді композитор.

Қалдыбек Құрманәлінің сөзінше, кейбір адамдардың мақсаты – өнер адамдарын жексұрын қылу. 

«Тек осындаймен айналысады отырып алып. Роза мен Мақпалды да жексұрын қылды, ал Шаханов мүлдем оңбаған адам болып шықты. Тіпті, Шахановқа «Өліп қал! Түркияда жүрегің неге тоқтап қалмады?» деп жазғандар болды. Солардың денсаулығына да күмәнмен қараймын. Ал менің денсаулығым жақсы. Жүрегім ауырған екен, емделіп шықтым. Өткенде біреу   «Жүрегіңе ота жасалғанда неге өліп қалмадың?» деп жазыпты. Оған «Ей, мен өлмейтін болдым. Бұл жүрекпен 53 жыл өмір сүрдім, енді 53 жыл өмір сүремін. Мен әлі сенің жаназаңа қатысуым керек» деп жазсам болады ғой. Бірақ мен олай жазбаймын», — дейді ол

. Сонымен бірге, композитор Роза Рымбаеваның Иманбекке айтқан мәлімдемесін сынағандар жайлы да айта кетті.

«Өткенде Розаның дымын қалдырмады. Ол – Роза Рымбаева ғой. Кәсіби маман ретінде пікірін айтты. Тіпті, Розаның өз баласын өзіне қарсы қойды. Көшеде жүрген біреу шықты ғой. Иманбек деген кім? Ол музыкант па? Еврейлердің ойлап тапқан бір ритмін шығарды. Сол Иманбекті бес жылдан кейін көрейікші. Димаш сияқты әлемге қазақтың атын шығара ма, әлде ертең-ақ ұмытыла ма? Сонда біз пікір айтпауымыз керек пе?», — дейді ол.

Айтуынша, бүгінде халықтың көкірегі ашу-ызаға толы.

«Адамдар неге ыза? Билікке ме, басқаға ма, білмеймін. Қайдан келген өшпенділік? Өзім гуманистпін. Жер бетінде әділеттілікті, ізгілікті қалайтын адаммын. Айналамның мейірманды болуын қалаймын. Өмірдегі ең бақытсыз адамды айтайын ба? Ол өз мінезін өзгерткен адам! Анадан туғандағы мінезді біреудің көңіліне қарап өзгерту дұрыс емес. Ақын Олжас Сүлейменовтің өлең жолы бар. Оны ақын Қадыр Мырза-Әлі «Ана сүті арамдыққа суарса, сиыр сүті ала алмайды сені ақтап» деп аударды. Мінезім аса бір мәдениетті, жайлы деп те айта алмаймын. Өмірге осылай келдім, осылай кетем.

Күн сайын «Е, Құдай, осы мінезімнен жаңылдыра көрме!» деймін. 

Кейбір адамның құжатында «Бүркіт» деп тұрса да, кейін небір қарсылыққа шыдай алмай «Шымшыққа» айналып кеткен. Қазір танымал тұлғаларға жабылғаннан ләззат алатындар көп. Көбі психологиялық тұрғыдан шаршаған. Баяғыда жас кезімде бір-екі әнім шығып, ауылға барғанда жұрт сыйлап үйіне шақырып, тілеулес болатын. Танымайтын адамдар көлігімен алып жүріп, жеген тамағымның ақшасын төлей салатын.

Бүгінде барлық жерде адамның ниеті, пейілі бұзыла бастапты.

Қоғамның өзі ластанып барады. Адамнан мейірім кеткен, пейілі тар. Билікті сына, қателігін айт.

Басқа мемлекеттен қаржы алып, «демократ» болып, Қазақстанның бөлініп кетуін көздесе, солардың қолында өлемін. Мемлекетіме қауіп төндіретін адамның жағасынан аламын. Атылсам, атылып кетейін, өліп кетуге дайынмын. Маған мемлекеттің тұтастығы, ұлтымның амандығы керек.

Менде үш мүдде бар: ұлттық, мемлекеттік, жеке мүдде. Қазір көпшілік жеке мүддені көздеп жүр. Өзімде мемлекеттік пен ұлттық мүдде бір әннің қайырмасы мен шумағандай үйлесім тапқан.

Ал жеке мүддемді мемлекет пен ұлттан жоғары қойған емеспін. Әркімде осы екі мүдде болса, сонда ғана мемлекет ұзаққа барады», — дейді ол. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

kaz.nur.kz

 

[:]