АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Роза Әлқожаның жанкүйері концерт кезінде оған Алматыдан пәтер сыйлады[:]

[:kz]

 

Халықаралық әйелдер күніне орай концерт беріп, елді қуантқан Роза Әлқожа ойламаған жерден үйлі болды. Мерекелік шара кезінде бейтаныс азамат сахнаға шығып, әншіге пәтер сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталмыш жағдай туралы концертке қатысқан белгілі журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді. Ол Instagram парақшасында мерекелік кеш барысынан фото және видео жариялап, ерекше тосынсыйды да тілге тиек етті.

«Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: «Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен» дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық», — деп баяндады ол.  Роза Әлқожаның ән кеші 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өткен. Айта кетейік, өнер иесінің өзі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Т

kaz.nur.kz

[:]