Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Хабаровск аймағының басшысы Михаил Дегтярев Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийді ДХР мен ЛХР-дағы жағдайдың дамуын болжағаны үшін «пайғамбар» деп атады деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тікелей эфирде Дегтярев партия көшбасшысы туралы екі кітап жазғанын еске салды. Біріншісі – «Өз еліндегі Пайғамбар (2015)», екіншісі – «Пайғамбар 2.0 (2021)».

«Сайлаудан кейін кітабымды аяқтап, жазып шығардым. Шығармамда Жириновский және оның болжамдары туралы жазылған. Дәл қазір Донецк пен Луганскіде болып жатқан жағдай туралы да жазылған. Жириновскийді тыңдаған жағдайда ғана елде бәрі жақсы болады. Жириновский біздің пайғамбарымыз», – деді Дегтярев.

Айта кетсек, Донбастағы жағдай соңғы күндері шиеленісе түсті.

Рубрика: