Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресей Қазақстаннан мыңға жуық әскери қызметшісін шығара алмай отыр. Сарбаздар Украинаға барып соғысуға қорқады. Бұл туралы Украина қорғаныс министрлігіне қарасты бас барлау басқармасы хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.               

«Ресей 2022 жылдың қаңтарында үкіметке қарсы наразылықтарды басу үшін Қазақстанға өз әскерлерін енгізді. Осы уақытқа дейін ел аумағында толық қару-жарақ пен жабдықтары бар Ресей Федерациясының 1 мыңға жуық сарбазы бар», делінген хабарламада.

Барлау деректеріне сәйкес, олар Қазақстанның маңызды инфрақұрылымдық нысандарының маңында: мұнай базалары, аэродромдар, полигондар маңында, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағы маңында орналастырылған.

«Ресей оларды елге қайтару шараларын жүргізіп жатыр. Алайда сарбаздар елге оралудан бас тартып отыр. Себебі, олар Украинаға барып соғысуға қорқады», — делінген мәлімдемеде. 

Олар Ресей мен Украина арасындағы қақтығыста жұмыс күшінің жетіспеушілігін өтеу үшін басқа елдердегі әскерилердің санын күрт азайтуға мәжбүр болғанын айтты. Сонымен, Армения мен Тәжікстаннан Ресей Қарулы күштерінің контингенттері толығымен дерлік шығарылды. 

«Адырна» ұлттық порталы 

Рубрика: