АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресейдің Қазақстанға қару-жарақ жеткізетіні рас па: қорғаныс министрлігі түсініктеме берді[:]

[:kz]

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылы Қазақстанға ресейлік қару-жарақ пен әскери техника жеткізілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты еліміздің қорғаныс министрлігі түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі 2021 жылы ресейлік тарап Қазақстан Қарулы Күштерінің мүддесі үшін «Орлан-10Е» ұшқышсыз ұшу аппараты бар көпфункционалды кешен ғана жеткізетінін хабарлады. «Сонымен қатар өткен жылдары Қазақстан Су-30СМ ұшақтарын, Ми-35М тікұшақтарын, Бук-М2Е зениттік-зымырандық кешенін, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлерін, сондай-ақ атыс қаруын сатып алды», – деп түсініктеме берді ведомствода.

Айта кеткен жөн, оған қоса, қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан армиясында жеңіл брондалған «Тайфун-К» көліктері пайдаланылмайтынын айтты. Еске салсақ, жақында мемлекет басшысы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскердің 2030 жылға дейінгі құрылымын қалыптастыруға бағытталған негізгі құжаттарға қатысты жұмыстардың аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді.

kaz.nur.kz

 

[:]