Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Мәскеудегі Ломоносов муниципалды округінің депутаттары Путиннен отставкаға кетуді сұрады. Олар оның басқару моделі «ескіргенін» және Ресейдің дамуына айтарлықтай кедергі келтіретінін алға тартты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Сайлау жақындап келеді, бірнеше күннен кейін біздің Кеңестің құрамы өзгереді. Біз бес жыл бойы қызмет атқардық және осы қызметті жаңа идеясы мен күш-жігері бар жаңа адамдарға беретін уақыт келді. Зерттеулер көрсеткендей, басшысы тұрақты өзгеріп отырған елдерде адамдар жақсы және ұзақ өмір сүреді. Сіз бірінші және екінші мерзімге президент болып сайланған уақытта жақсы реформалар болды, бірақ содан кейін барлығының тас-талқаны шықты. Сіз және сіздің бағыныштыларыңыз қолданып жүрген риторика ұзақ уақыт бойы төзімсіздік пен агрессияға толы болды, бұл ақыр соңында елімізді қырғи-қабақ соғыс дәуіріне қайтарды. Әлем Ресейден қорқып, жек көре бастады. Біз тағы да бүкіл әлемге ядролық қарумен қауіп төндіріп отырмыз. Жоғарыда айтылғандарға байланысты сіздің көзқарастарыңыз, басқару моделіңіз ескіргендіктен және Ресейдің дамуына кедергі келтіретіндіктен қызметіңізді босатуды сұраймыз, – делінген үндеуде.

«Адырна» ұлттық порталы 

Рубрика: