Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бүгін Ресейде Жеңіс мерекесіне арналған әскери парад өтті. Шерудің ашылу салтанатында сөз сөйлеген РФ президенті Владимир Путин Батыс елдерін айыптап, олардың пиғылы мүлдем бөлек болғанын және Украинаның Қырымға шабуыл жасауы үшін көмектескенін айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Путиннің айтуынша, Украина Ресейдің жерлеріне басып кіріп, үлкен қауіп төндірген.

«НАТО елдері біздің сөзімізге құлақ асқысы келмеді, бұл олардың басқа жоспарларының болғанының көрінісі және оның солай екенін көрдік. Донбасстағы тағы бір қантөгіс операциясына, біздің тарихи жерлерімізге басып кіру үшін оның ішінде Қырым да бар, дайындық қызу жүріп жатқан еді», — деді Ресей президенті.

Сондай-ақ Путин Украина жеріндегі соғысты «бірден бір дұрыс шешім» болғанын айтты.

«Қауіп күннен күнге күшейе түсті, осылайша Ресей агрессияға алдын ала тойтарыс берді. Бұл амалсыздан, дер кезінде қабылданған бірден-бір дұрыс шешім – егеменді, қуатты, тәуелсіз елдің шешімі еді», — деп қосты Путин.

Путин өз сөзінде майдан алаңында қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына айрықша көмек көрсетілетінін, бүгін сондай заңға қол қойғанын жеткізді.

Ресей президенті сөзінің соңында жеңіс күнінің жақын қалғанын айтып, «Жеңіс үшін!», «Ресей үшін!» деп сөзін тәмамдады.

Сонымен бірге Путин Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты шешімдер туралы ешқандай жаңа мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін батыстық саясаткерлер мен сарапшылар Путиннің осы күні Украинаға соғыс жариялауы мүмкін екенін болжаған.

Рубрика: