Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Оливье Япо Аллу Франк есімді африкалық жігіт бүгінде Ресейдегі қазақ тойларында өнер көрсетіп, қазақтар арасында танымал жұлдызға айналған. Ол 10-ға жуық қазақ әндерін біліп қана қоймай, қазақ тілін де түсінеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Оливье Япо Аллу Франк 13 жыл бұрын Кот-д’Ивуардан Ресейдің Астрахань қаласына көшіп келген.

Осында Астрахань мемлекеттік техникалық университетін бітіріп, ресейлік азаматшамен бас қосқан. 38 жастағы әнші 6 тілді меңгерген. Ол Ағылшын, орыс, француз, татар, испан, тайвань және қазақ тілдерінде сөйлейді. Оливье әсіресе қазақ тілін үйренуге деген құштарлығының жоғары екенін айтады.

«Қазақ тілін меңгеру үшін Астрахань қаласындағы курстарға қатыстым. Өте қиын болды, дегенмен ең бастысы адамда ынта болса үйренуге болатынын түсіндім. Маған қазақ әндері ұнайды, бірден жаттап аламын. Әр әннің мағынасын білуге тырысамын. Өйткені қандай әнді шырқап тұрғаным мен үшін маңызды», — дейді ол. Оливье Япо Аллу Франк.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгінде Оливье Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде қызмет етеді. Сондай-ақ өзінің шоу тобы бар. Олар бірге түрлі шараларды ән айтып, өнер көрсетеді. Африкалық азамат әсіресе қазақ тойларында ән айтуға сұраныс көп түсетінін жеткізді. «Ресейдегі қазақ тойларына көп шақырту аламын. Ол жерде тек қана қазақша әндерді орындаймын. Халық әсіресе Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» әнін сүйіп тыңдайды. Қазірге кезде домбыра аспабында ойнауды үйреніп жүрмін. Өте қиын, бірақ ең бастысы ынтам бар», — дейді Оливье.

Қазір Оливье Гүлназ есімді татар аруымен үш бала тәрбиелеп отыр. Ол Болашақта Қазақстанды көргісі келетінін, шақырту келіп жатса, бас тартпайтынын атап өтті.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: