Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресейде метро ішінде намаз оқыған адамның әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырды. Алайда полиция қызметкерлері құлшылық етіп жатқан адамды наразы топтан қорғап қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бұл кісінің құлшылық жасап жатқаны дұрыс па? Полицейлер сіздер неге оны айтпайсыздар? Бұл жерде құлшылық етуге болмайтынын неге айтпайсыздар? Бұл қаншалықты заңды? Метро ішінде не үшін құлшылық жасап жүр? Бұл дұрыс емес”, – деді видео авторы. 

Полицейлер құлшылық етіп жатқан адамды кедергіден қорғап, наразылық білдірген адамға түсіндірді.

“Не болып қалды? Түсінбедік? Ол құлшылық етіп жатыр. Аз ғана минут қана ғой. Метрода құлшылық етуге болмайды деген заң жоқ. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Қазір намазын оқып бітірсін, сізге бәрін түсіндіріп береміз”, – деді полицейлер.

“Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: