Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей мен Украинаның Беларусьтегі келіссөз жүргізетін залынан фото жарияланды

Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми Facebook парақшасы Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер өтетін залды фотосын жариялады. «Ресей мен Украинаның Беларусьтегі келіссөздері үшін алаң дайындалды, делегациялардың келуі күтілуде», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келгенін хабарлаған еді.

Бұған қатысты Украина президенті Владимир Зеленский жауап беріп, келіссөз алаңы ретінде Беларусь территориясын емес, басқа да қалаларды таңдауға болатынын айтқан еді. Оның сөзінше, Киев Ресей тарабына келіссөз алаңы ретінде — Варшава, Будапешт, Стамбұл, Баку сынды қалаларды ұсынған. Кейінірек Зеленский Беларусьте келіссөздер жүргізуге келісті.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: