Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей Халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Владимир Джабаров қажет болған жағдайда Ресейдің Қазақстанға кез-келген әскери емес сипаттағы көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы 5 қаңтар күні «Интерфакс» жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенатор жергілікті билік елдегі жағдайды өздігінен реттей алатынын атап өтті. 

«Олар қоғамдағы шиеленісті басу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр», – деген Джабаров Қазақстанда болып жатқан жағдайды саяси дағдарыс деп санамайтынын атап өтті. 

Айта кетейік, елімізде газ бағасының қымбаттауына байланысты халық наразылыққа шықты. Алдымен Жаңаөзен халқы 2 қаңтар күні көтерілді. Ал кеше Алматының орталық алаңында қарсы топ бас көтерді. Оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтар күні таңертең үкіметтің отставкасын қабылдады. Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланды. 

Рубрика: