Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресейдің қорғаныс министрлігі әскерге шақырылған сарбаздар Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новостиге” сілтеме жасап.

Бұл туралы брифингте әскери ведомствоның ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков мәлімдеді.

«Өкінішке орай, Ресей қарулы күштерінің Украина аумағында арнайы әскери операцияға қатысқан бөлімшелерінде мерзімді әскери қызметшілердің болуының бірнеше фактілері анықталды, олардың барлығы дерлік Ресей аумағына шығарылды. Оларға ұлттық батальонның диверсиялық тобы шабуыл жасалған. Бірнеше әскери қызметкер, оның ішінде мерзімді әскери қызметшілер де тұтқынға алынды», – деді қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Ол қазір тұтқынға алынған әскери қызметкерлерді босату, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілерді ұрыс қимылдары аймақтарына жіберуге жол бермеу үшін барлық шараларды қолданып жатқанын мәлімдеді.

«Ресей президенті Владимир Путинге Украина аумағында міндеттер атқаруға шақырылғандарды тартуды үзілді-кесілді болдырмау туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы хабардар етілді. Оның тапсырмасы бойынша іс-әрекеттерге құқықтық баға беру үшін Бас әскери прокуратураға материалдар жіберілді және осы нұсқауды орындамағаны үшін жауапты шенеуніктерді жазаланады”, – деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин әскерге шақырылған сарбаздар Украинадағы арнайы операцияға қатыспайтынын бірнеше рет мәлімдеген. 

Рубрика: