Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресей президенті Владимир Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Украинамен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қытай Орталық телеарнасы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Ресей Украинамен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуге дайын деп мәлімдеді Путин», — делінген Қытай сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасалған хабарда.

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Украинадағы жағдайдың ушығуын талқылағаны айтылған. Сондай-ақ, ҚХР төрағасы әңгіме барысында Ресей мен Украина арасындағы мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуді жақтағаны айтылады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөзге шақырғаны хабарланған болатын.

Рубрика: