Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресей Украинадағы әскерлерін қай  бағытқа саларын білмей, не қорғанарын, не шабуылдарын ұқпай паника болып жатыр. Өйткені, әскер күші айтарлықтай әлсіреді. Ресми қаза тапқан ресейлік солдаттар қырық мыңнан асса, жаһаннамға аттанған жалдамалы жендеттері он бес мыңнан асты. Жараланып, мүгедек болып қалғандар саны 100 мыңға жетті. Оннан астам генералынан айырылды. 

Ал, Украина қазір керісінше қоян-қолтық ұрысқа көп бармай, алыстан Himars пен Байрақтармен соққы беруде.  Сол үшін Путин жанталасып келісім үстелін іздеуде. Германия, Италия, Франция басшылары Зеленскийді үгіттеп көндіре алмады. Папа Римскийге дейін араласып көріп еді, болмады.

Ердоғанның Түркия екі тарапты келістіруге дайын екенін айтқанына екі айдан асты. 

Зеленский «Украина біртұтас. Жауды шекарадан қуып шықпай ешқандай келісім болмайды» деп ашық айтты.

Ол Ресейдің солдаттарының санын толтырып алу үшін, алдындағы басып алған жерлерінен қуып шықпай тұрғанда мобилизация жасап алу үшін уақыт созып тұрғанын да жақсы түсініп отыр. Кремль үшін ең қорқыныштысы Ленд-Лиз көмегі енді келеді!

Оңғар Қабденнің Facebook парақшасынан

oinet.kz

z

Рубрика: