Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресей президенті Владимир Путин егер Қазақстан атом электр станциясын салса, кадр даярлау ісіне көмектесуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин Ресей көршілердің, достары мен одақтастарының, соның ішінде Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға қатысты жоспарларын мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

 

«Егер сіздер атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, Ресей қазақстандық серіктестеріне оны тұрғызу және эксплутациялау ісіне өз көмегін ұсынады. Атап айтқанда, республикада ресейлік дизайндағы АЭС құрылысы жайлы сөз болуы мүмкін. Бірақ ол ғана емес. Бұл жерде тұтас бір сала құру туралы сөз қозғалып отыр. Оған Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдаланумен байланысты жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даяурлау да кіреді», – деді Путин Қазақстан мен Ресей  президенттері қатысып жатқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Оның айтуынша, АЭС ауаны аз ластайды.

Путин мамандар тиімді газ тазарту құрылғыларын орнату арқылы технологияны жетілдіріп, атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін барынша азайтуға қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде АЭС салу қажет екенін айтқан болатын. 

Рубрика: