Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлыққа қол қою ниеті бар екенін хабарлаған болатын.

Ресей президенті Путин ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен бірге ресми түрде мойындалған республикалардың басшылары Пасечник пен Пушилин Ресей Федерациясы мен ДХР және ЛХР арасындағы достық, ынтымақтастық және көмек туралы келісім жасасты, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпараттық порталы.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путин жақын арада Донбасс туралы жарлыққа қол қою ниеті бар екенін хабарлаған болатын.

«Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронмен және ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындылары туралы хабарлады. Мемлекеттік Думаның Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешімі қаралды. 

Барлығын ескере отырып, Ресей президенті жақын арада тиісті жарлыққа қол қоюға ниетті екенін айтты. Франция президенті мен Германияның федералдық канцлері бұл жағдайға көңілі толмайтынын білдірді», – делінген хабарламада.

 

Рубрика: