Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қаланың ұсқыны кеткені рас. Осы орайда оны ретке келтіріп, тазалап, қираған қиындыларды жинағандар — коммуналды қызметкерлер болды. Бұл көрініс, әсте, жүректі ауыртып, жағаны ұстатты, дейді көше жұмысшылары. Таза қала жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта қаладағы қоқыстар тазаланып, қала қайта қалыпқа келіп жатыр. Бұл сарғыл түсті кеудеше киген адамдардың еңбегі. Қала жұмысшылары шаһарды толықтай қалыпқа келтірдік деп отыр. Stan.kz тілшісі Алматыдағы көше тазалушы қызметкерлермен тілдесіп, митингтен кейінгі қаланың кейпі, оны ретке келтіру кезіндегі қиындықтар туралы сұрады. 

Алматыда өмір бойы тұрып келе жатқан 50 жастағы Райхан Байдаулетова туған қаланы мұндай кейіпте көргенде көңілі қатты жабырқағанын айтады. Оның көше қызметінде жүргеніне он жыл болған.

“Жүрегім ауырды. Мұндай болып кеткенін біз білмедік. Күнделікті жұмысқа келгендей келдік. Бізді Сатпаева Наурызбай көшелерінің қиылысына алып барды. Жолдың бәрі тас. Қоқыс жәшіктері жолда жатыр. Орындықтардың сынықтарын жолға лақтырған. Күнде көріп жүрген қаланың астан-кестеңі шығып жатқанда жүрегің ауырады екен. 

  1. Аялдамаларды қиратқаны сонша отыратын орындықтары арықтың ішінде жатыр екен. Ауланы сыпырып жүрген кезде бойымда қорқыныш болды. Әрине, жалғыз болмадық, бригадамен бірге жұмыс істедік”, – дейді ол.

    Одан бөлек, тазалау қызметкері көшеден оқтардың, жарылғыш заттардың қалдықтары көп болғанын баса айтты.

  2. Осы күндері қаланы тазарту мақсатында күніне 650-ден астам бірлік техника және 1550 жұмысшы жұмылдырылған.

    “Алматы ірілі-ұсақты қоқыстан, өртенген көліктерден, бетон блоктарынан, бүлінген шағын сәулет нысандарынан, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.  Жол желісінен 6400 тонна тұрмыстық қоқыс, 488 тонна шағын және 146 ірі габаритті қоқыс шығарылды, сонымен қатар қалаға кіре берістердегі бұзылған және өртенген 96 автокөлік және қираған 5 экопосттар шығарылды”, – деді “Алматы Тазалық” ұйымының қызметкері Нұрғали Қарсақбаев.

    Оның сөзінше, қызметкерлер тәртіпсіздіктердің бірінші күні 4 қаңтарда жұмысты бастап кеткен. Кейін қақтығыс өршіген тұста жұмысқа шықпаған. 

    “8,9,10 қаңтарда ары қарай жұмысты жалғастырдық. Бүгінде көшелерді толықтай тазартып, жинастырдық. 
    Техникамен сыпырып, қоқыстарды жинастырдық, ары қарай адамдар күрек, жабдықтарымен, қолмен жинады”, – деп атап өтті ол.

    Айтуынша, кейбір қызмет көліктерінің әйнегі сынып, айнасы шығарылған. 

    Қаланы тазалау қызметінде жұмысшы болып жүргеніне алты жыл болған Мадияр Молдакулов ерекше зардап шеккен көше Республика алаңы мен Президент резиденциясы, дейді. Онда шашыраған адам қаны жерге сіңіп қалған. Оны кетіру үшін адам күші көп кеткен, арнаулы техниканың көмегі керек болған. 

    “Көңілім құлазыды. Көз алдымызда қаламыз жанып жатқаны ерекше ауыр тиді. Қираған әкімдіктің айналасы, жан-жағындағы көшелер тұтастай лас болды. Әріптестріміздің барлығының көңіл күйі болмады. Әкімдіктің алдында газды гранаталар, қарудың оқтарын байқадым. Тасты көп қолданған. Әртүрлі темірлер болды. Бірінші күні толықтай жиналды. 

    Көшедегі аялдамалардың әйнектері сынып, шашылып кеткен. Өртенген жеңіл көліктер мен ірі көліктер болды. Қызметтік көліктерге де залал келген. Қан көп болды. Әсіресе, Президент резиденциясы маңында. Оған арнаулы техникалармен тазаладық. Біріншіден жуып, содан соң жинадық. Оған адам күші көп кетті. Қолмен жуған жоқпыз”, – дейді ол.

    Зардап шеккен адамдарды байқамадық, дейді ол. Сөзінше, тазалау қызметкерлері қуанышқа орай, зардап шекпеген.

    “Әдетте, Әл-Фараби, Орбита көшелерін жинаймын. Бірақ тәртіпсіздіктерден кейін барлығымызды жиып Республика алаңына апарды, – дейді ол.

    Белгілі болғандай, Республика алаңын тазалау процесі кеше ғана толық біткен. Оған барлығы төрт күн уақыт кеткен.

Рубрика: