Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Биылғы жыл адамзат үшін барлық жағынан ең қиыны және ең ауыры болады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халқына екі жылға жететін азық-түлік қорын жинап алуды және мемлекеттің тәуелсіздігін қорғауға дайын болу керектігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәжікстан президенті қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

Ол өз үндеуінде азаматтарды адал еңбек етіп, үнемді болуға шақырып, екі жылға жететін азық-түлік қорын жинап алуды ескертті. Рахмон биылғы жыл соңғы жүз жылдықтағы «ең ауыры» деп атап, отандастарына елдің егемендігін қорғауға дайын болу керектігін еске салды.

«Адамзат бүгіндері соңғы ғасырдан астам тарихындағы ең сезімтал және күрделі кезеңіне келіп аяқ басты. Сарапшылардың пікірінше, дағдарыстың осы өте сезімтал кезеңінің салдарын болжау мүмкін емес және ол ұзақмерзімді сипатқа ие. Биылғы жыл адамзат үшін барлық жағынан ең қиыны және ең ауыры болады, алдымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан», — деді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан Президенті көктемнің әр күнін қадірлеп, егінді дер кезінде сеуіп, «әр отбасында екі жылдық азық-түлік қоры болу мәселесін шешу керек» деп атап өтті. Қазірдің өзінде ел тұрғындары азық-түлік тапшылығынан немесе баға өсімінен зардап шекпес үшін барлық шараларды қабылдау қажет, әсіресе алдағы күзгі-қысқы кезеңдерде, — деді ол.

«Адамзат бүгіндері соңғы ғасырдан астам тарихындағы ең сезімтал және күрделі кезеңіне келіп тірелді. Сарапшылардың пікірінше, дағдарыстың осы өте сезімтал кезеңінің салдарын болжау мүмкін емес және ол ұзақ мерзімді сипатқа ие. Биылғы жыл адамзат үшін барлық жағынан ең қиыны және ең ауыры болады, алдымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан.

Әрбір отбасы өз-өзін қамтамасыз етуі керек, мүмкіндігінше көп өнім алып, екі жылға жететін азық-түлік қорын жинап алуды ойластыруы қажет», — деді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон

Рубрика: