Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аумағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсынды. Бұл туралы ол өзінің бүгінгі жолдауында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. «Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», — деді президент. Айта кетелік, бүгін Қазақстан президентінің халыққа жолдауы өтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатынын айтты.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: