Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жаңа ойыншықтар әлеуметтік желілерде жиі аталып, балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да тез танымал болды. Алайда ел арасында түрлі түсті ойыншық туралы сан түрлі пікір қалыптасуда. Поп-ит және симпл-димпл ЛГБТ-ны насихаттай ма?

Биылғы жылғы трендтердің бірі — бұл жаңа стреске қарсы ойыншықтар: поп-ит, симпл-димпл және сквиш. Олардың барлығы бір уақытта вирус тәрізді жылдам танымал болды. Ал әлеуметтік желілерде жаңа трендтерді қалай қолдануға болатындығы туралы мемдер пайда болды.

Өзге ойыншықтардың дәурені тоқтағанына қарамастан, антистрессті ойыншықтардың тарихы бесенеден белгілі. Яғни, антистрессті ойыншықтар бұрын да болды. Бірнеше жыл бұрын танымал болған спиннерлерді еске алыңыз. Олар — стресстен арылуға, алаңдаушылықтан құтылып, жаныңызды тыныштандыруға көмектеседі. Неге? Біз бұл сұраққа психологиялық тұрғыдан жауап берелік.

Поп-ит және симпл-димпл дегеніміз не?

Ойыншықтың атауы ағылшын тілінен аударғанда «pop it» — «жар» (шарды жар деген секілді) деп аударылады. Іс жүзінде, ол жарылғыш қағазы сияқты жұмыс істейді, тек сіз оны қалағаныңызша «жарып» шығара аласыз. Басқан кезде ойыншықтың жарты шарлары басқа жаққа қарай иіліп, өзіне тән дыбыс шығарады, содан кейін оны аударып, ойынды жалғастыруға болады. Поп-итті енді «классикалық» кемпірқосақ, шеңбер сынды, түрлі-түсті гүлдерге, жүректерге және тіпті жануарларға дейін әр түрлі түстерде, пішіндер мен өлшемдерде табуға болады.
Симпл- димпл дәл поп-ит сияқты жұмыс істейді. Бірақ ол әдетте, кішігірім мөлшерде және басқыш шарлардың санымен ерекшеленеді.

Спрос на антистресс-игрушки «поп ит» вырос в пять раз за две недели | Новости | Известия | 20.05.2021

Неліктен антистресс ойыншықтар тыныштандыруға көмектеседі?

Адам баласы бірнәрсеге алаңдағанда, бойында қорқыныш сезімі ұялап, өзін қоярға жер таппай, тыпыршып, мазасыздана бастайды. Дәл сондай мезетте психологиялық тұрғыдан алар болсақ, адам өз денесіне қатысты әрекеттер жасай бастайды. Мәселен ары-бері жүріп, саусақтарын қытырлатуы мүмкін. Осы жағдайда антистрессті ойыншықтар адамның қолы арқылы бар стрессті, уайымды шығаруға көмектеседі.

Жалпы алғанда, стресске қарсы ойыншықтар мазасыздыққа көмектеседі, сондықтан оларды қолда ұстау маңызды. Мысалы, өздеріңізбен гүлшетен, қиыршық тас немесе ұқсас заттарды алыңыз. Егер жоғары қорқыныш немесе мазасыздық болса, психолог бір нәрсені шайнауды немесе қолыңызбен ойнауды ұсынады. Осылайша сіз өз денеңізді басқара алатындығыңызды сезінесіз.

Әр түрлі антистресстік ойыншықтар стрессқа қалай әсер етеді?

Стресске қарсы ойыншықтардың көптеген түрлері бар, поп-ит соңғы шыққан ойындардың бірі. Олардың кейбіреулері психотерапияның арнайы түрлерінде де қолданылады. Мысалы, кинестетикалық құм психоэмоционалды фонды тегістеуге көмектеседі, алаңдаушылықтың жалпы деңгейін төмендетеді, ұсақ моториканы, зейінді шоғырландыруды дамытады, естен шыққан дүниені қайта еске түсіруге көмектеседі.

Поп-иттер жағдайында түс терапиясы да қосылған. Ашық түстер адамның психоэмоционалды жағдайына да әсер етеді. Бала немесе ересек адам таңдайтын реңктерге байланысты.

Бұл ойыншақтар өзге ориентациялы адамдарды насихаттай ма?

Осыған қатысты Татарстан елінде поп-ит ойыншығын тексеруді талап еткен азамат Сәрсембаев:

«Мен бұл ойыншықты бір жарым жыл бұрын көрдім. Басында мен оған мән бермедім, содан кейін ойладым: оны ЛГБТ жалауымен салыстырып көрейінші деп. Олар бірдей, айнымайды», — деді.

Сонымен қатар, ол поп-иттің стрессті жеңілдететініне сенбейді. «Жақсы, саусақтарыңызбен басасыз, сонда не? Стресстен арылдық па? Жоқ, бұл қате нәрсе», — деді Сәрсембаев. Ол поп-итті сатуға тыйым салу керек дейді.

Біздің елімізде де бұл ойыншыққа қарсы шыққан жандар баршылық. Блогер Мерей Жолшы өзінің инста парақшасында бұл ойыншық ЛГБТ-ны насихаттайды деп қарсы ойын білдіріп бірнеше ойыншықты өртеп жіберді. Желіде бұл видео қызу талқыға түскен болатын.

Пікірлер екіге бөлінді: «Мерей, бұл ойыншықтың ЛГБТ-ға қатысы не?», «миға сыймайтын дүние», «дұрыс, тоқтату керек» дейді халық.

Однозначно пропаганда!»: Алишер Еликбаев отреагировал на видео, где казахстанец сжигает игрушки «поп-ит»

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Рубрика: