Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлының шығармашылығы мен отбасына қатысты орынсыз сын айтып жатқан көпшілікке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Гүлзира Айдарбекова жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол өз әулетінің абыройын түсіру мақсатында түрлі пікірлер жазып жатқандарға шүйлікті.

«Жалдамалы коммент жазғыштарға ескертуім бар. Ойдан тақырыпты айқайлатып қойып, оқырман жинау мақсатында фейк парақшалармен ақша төлеп өз адамдарыңызға намысқа тиетін сөздерді жаздыруды, тек біз емес, талай адамның абырайын ластап, намысына тиюді қойыңыздаршы! Елді кері пікірге итермелеп, бір қазақты бір-біріне қарсы қоюды тоқтатсаңыздар екен. Бізге соншалықты іштарлықты қанымызға сіңіріп қойған ба, бұл жақтағы қандастарымыз да, бас қосқанда сөз етіп қалды. «Басқа елдер сияқты ауызбіршілік, қолдау жоқ, тек аяқтан шалу, өсектеу, мұқату көп орын алады» деді олар. Тіптен жеке өмірін, отбасылық өміріне дейін талқылап мін іздеп, кір тауып от үрлеп шағыстыруға бой алдырамыз байқасаңыздар, енесін келінге, келінін енеге не әйелін күйеуіне, күйеуін әйеліне жамандап. Майдаланып кеткен жоқпыз ба? Сыртта жүрген сіз біреудің әулетіне өздерінен артық жақын бола алмайсыз ғой! Тіптен жанын жеп, жанды дауыспен айтып жатқанын көріп тұрып фонограмма деп айқай салатындар да көп Пенде болған соң бәрінде түрлі жағдай болады, онсыз өмір ешбір отбасында болған емес, ешкім періште емес, мінсіз адам болмайды, періште көкте ғана. Біз де дәл сіздей адамбыз. Қашан біріккен ел боламыз? «Жақсы сөз — жарым ырыс» деген, қай қазақтың баласы болса да өз қанымыз, өз бауырымыз, өз баламыз деген ниетте болайықшы», — деп жазды продюсер.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

kaz.nur.kz

 

Рубрика: