Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Елде сәбіз бен картоп бағасы қымбаттағалы бері, базар жағалаған жұрт сәбіздің жоғалып кеткенін айтып, дабыл қағуда. Мәселен, елордадағы жаңа ашылған сауда орнында демалыс күндері сәбіз сатылмады. Саудегерлер мұның себебін көкөністің қымбаттауына байланысты сәбіз сатып алу тиімді емес деп түсіндіруде. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елордадағы бірнеше апта бұрын ашылған «Сауран» сауда орнында демалыс күндері әдеттегідей халық ығы-жығы. Бұған себеп – қаланың сол жағалауында арзан бағада жеміс-жидек пен көкөніс сататын жалғыз сауда орны әзірге осы жер болып тұр

.

Фото: KAZ.NUR.KZ

«Сол жағалауда мұндай жердің ашылғанына қатты қуандық. Жеміс-жидекті «Евразиядан», одан қалса «Артем», «Шарыннан» барып алатын едік. Көлігі жоқ біз сияқты отбасыларға шыны керек, ол базарлар тым алыс еді. Енді міне мына жер ашылып, қазір демалыс сайын осында келеміз. Бағалары да қолжетімді. Бірақ сәбіз өкінішке қарай жоқ. Осы жердің бәрін аралап шықтық, сәбізді таппадық. Бұлай жалғаса берсе, палау жеуден қалатын болдық»,-дейді қала тұрғындарының бірі. 

 

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жаңадан ашылған сауда орындарында расымен де сәбіз жоқ. Саудагерлердің сөзінше, бағасы шарықтағалы бері олар көкөністі сатып алудан қалған. Айтуынша, сәбізді сатып алу дәл қазір тиімсіз көрінеді. «Қымбат болған соң қазір сатып алмаймыз. Одан да маусымдық жеміс-жидектер сатқан бізге әлдеқайда тиімді. Шие, құлпынай, таңқурай сатып жатырмыз. Сұраныс бар, халық талап алады»,-дейді сауда нүктелерінің сатушыларының бірі.

 

 

Фото: KAZ.NUR.KZ

 

Қуаныштысы, картоп бағасы аз да болса төмендеген. Сауда орталығында картоп – 300-330 теңге көлемінде сатылып жатыр. «Картоптары жақсы, өткеннен бері алып жүрміз. Алдыңғы апталарда қымбаттап кеткені рас, қателеспесем бағасы 500 теңгеге дейін барды ғой деймін. Қазір міне келісі 300 теңгенің маңайында, өзіміздің жергілікті дейді. Көбі сол оңтүстіктен, оның ішінде Шымкенттен әкеліп жатыр-ау»,-дейді Жәния есімді қала тұрғыны.

 

Фото: KAZ.NUR.KZ

Естеріңізде болса, өткен аптада елімізде картоп пен сәбіз бағасы қымбаттап, елді әуре-сарсаңға салып қойған еді. Кейін ел үкіметі олардың бағасының не себепті қымбаттағанын мәлімдеген болатын.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: