Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Пәкістанда Сальма Танвир есімді әйелді өзін пайғамбармын деп жариялап Құдайға тіл тигізгені үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent сайтына сілтеме жасап.

кім 27 қыркүйек күні Лахор қаласында шығарылған. Әйелге сонымен қоса 50 мың рупий (286 мың теңге шамасында) көлемінде айыппұл салынды.

Мұғалім болып жұмыс жасайтын Сальма Танвир мұсылмандардың сеніміне қайшы келетін Мұхаммед Құдайдың жіберген соңғы пайғамбары екенін жоққа шығаратын ислам ілімдерінің өз нұсқасын таратқан. 

Пәкістанның қолданыстағы заңдарына сәйкес, әйел психикалық ауру деп танылған жағдайда ғана өлім жазасынан құтыла алатын еді. Сотта адвокат әйелдің өзінің әрекетінің байыбына бармағанын түсіндіріп бақты. Алайда, айыптаушы медициналық кеңестің есебін ұсынып, онда Танвирдің психикалық ауытқуы болмағандықтан сотқа қатыса алатыны айтылады.

22 беттен тұратын сот үкімінде мектептің бұрынғы басшысы өзінің іс-әрекетімен «қасиетті пайғамбар Мұхаммедті қорлады» деп көрсетілген.

Бұдан алдын жергілікті полиция 2013 жылы дін қызметкерінің айғақтарының негізінде Танвирге қарсы Құдайға тіл тигізгені үшін іс қозғаған.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, 1987 жылдан бері елде кем дегенде 1472 адам Құдайға тіл тигізгені үшін жазаланған. 2021 жылдың тамызында діни әдебиеттер сақталған медресенің кітапханасында кілемге «қасақана» зәр шығарғаны үшін 8 жасар бала сотталған.

 

Рубрика: