Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Танымал қазақ актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қазақтар жайлы мәлімдемесіне жауап берді. Ресейлік тележүргізуші Украинаны мысалға келтіре отырып, қазақстандықтарға сес көрсеткен болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қымбатты, Тигран Кеосаян! Сен сөйлеген сөзіңді айнадан көрдің бе? Саған қарауға кеңес беремін. Арамза Муссолиниді бейнелеп отырғандайсың.

Өзіңе көп аласың. Біріншіден, сен Ресей емессің. Екіншіден, мықты болсаң, жоғары билікке бар. Ал менің халқыма тиіспе! Ұлтымның тарихын, көп ғасырлы рухани және мәдени өмірін, Еуразия кеңістігіндегі ұлтымның абыройы туралы саған айтып, уақыт жоғалтқым келмейді», — деп мәлімдеді Жолжақсынов.

Актер ресейлік журналисті «түкті шовинистке» теңеді. 

«Сен ұлтаралық араздықты тудырушы, арандатушысың. Сені Донецкіде, Луганскіде ұрыс алаңында көргім келер еді. Ұлы Ресей сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес», — деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Ресей тележүргізушісінің мәлімдемесі әлеуметтік желіде тарады. Онда ол қазақстандықтарға сес көрсеткен. 

“Қазақтар, алғыстарың қайда? Сендер Ресейді дүниежүзінен жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар біздің қарым-қатынасымызды қайта қарауы керек. Қателесесіңдер! Сендерде әлі уақыт бар. Соңғы вагонға үлгеріп қалуларың да мүмкін. Қазір үлкен соғыс жүріп жатыр. Осы орайда, бізді кім қолдайтынын дұрыстап бақылау керек. Жетер! Өтірік ойнап болған шығарсыңдар. Билікті құтқарып, былығыңды реттеуге қайтарымсыз көмек сұрауларыңды доғарыңдар! Парад өткізбейміз дегендерің не?», — деді ол.

Бұған дейін СІМ баспасөз хатшысы Тигран Кеосаянның сөзіне қатысты пікір білдірді.

 

Рубрика: