АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізді[:]

[:kz]

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда бір айға төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2022 жылғы 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 3 шілдедегі 00.01 — ден 2022 жылғы 2 тамыздағы 00.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізілсін», — делінген Мирзиеевтің Жарлығында.

Сондай-ақ, ол Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимі кезінде 21.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізуді бұйырды.

«Адырна» ұлттық порталы 

[:]