Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Елордадағы ҚР Ішкі істер министрлігі ғимараты жанында өз-өзін өртеп жіберген әйел мәлімдеме жасады деп жазды turkystan.kz.

Бағила Досмайылова болған істің мән-жайын түсіндірмек мақсатпен өзінің Instagram-дағы парақшасында бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, ол осыған дейін блогерлерді кінәлаған жазбасын парақшасынан алып тастаған. Себебі, Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов оған жалған ақпарат беріп, нағыз қылмыскерлердің атын жасырып отыр.

«Мен Әбдірахманов мырзаның адамгершілігі мен әділдігіне сеніп қалдым. Алайда, ол менен іске қатысы бар негізгі айыпталушыларды жасырып қалғысы келген. Бастапқыда істі әділ қараймыз деп, кейіннен «Сен ешкім емессің! Сенің қолыңнан түк келмейді!» деген соң, өз-өзімді өртеуге мәжбүр болдым», – деп айтты ол.

Рубрика: