АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Өскенде қайтарып беремін»: Баспаналы болғысы келетінін айтқан 9 жастағы бала елді жылатты (видео) [:]

[:kz]

Кәрі әжесі, көзі көрмейтін анасы және екі кембағал ағасымен «үй» деп айтуға келмейтін жерде күн кешіп жатқан төртінші сынып оқушысы Оразымбеттің бар арманы — баспаналы болу. Кешелі бері тоғыз жасар баланың елден көмек сұраған видеосы желіде кеңінен тарап, көпшілікті жылатты. «Харекет» қайырымдылық қоры балақайдың арманын орындауға кірісіп кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Харекет» қайырымдылық қорының белсенді мүшесі, актер Мадияр Серікпаевтың айтуынша, оған түнделетіп шұғыл видео-хабарлама келген. Актер видеоны көріп, бей-жай отыра алмағанын айтады. «Қарап тұра алмадық. Бірден жолға шығып кеттік. Көрсеткен мекен-жайға келдік», — дейді Мадияр Серікпаев.

Ол Оразымбеттің отбасымен тұрып жатқан жұпыны үйін көрсетті. Үйдің кіре-берісінде кесілген ағаш отын жиюлы тұр. Есігі жұқа жылтыр қағазбен қапталған, сылағы түсіп, қабырғасы сөгілгелі тұрған ескі үйде бір үйлі жан өмір сүріп жатыр.

Үйдің үлкені — жасы келген әжейдің сөзінше, екі ұлы да кемтар, бірі ақыл-есі кем болса, кіші ұлы мүлде сөйлемейді, отырған жерінде дәретін жіберіп қоятыны да бар. Оразымбет төртінші сыныпта оқиды, жасы 9-да. Анасы Бақтыгүл — бірінші топ мүгедегі, көзі көрмейді. Жасы кіші болса да, ерте есейген бала мектепткен ерте шығып, анасына, екі ағасына көмектесетінін айтады. Қарны ашқан күндері сыныптастарынан қарыз сұрайтынын да жасырмайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Харекет Қайырымдылық қоры (@xareket_qory_official)

Ол қазіргі сәтте өзінің бір-ақ арманы бар екенін жеткізді. «Менің бір-ақ арманым бар, оны орындасаңыздар, өзім де қайтарып берем. Тек бір ғана болсын баспана берсеңіздер, жетеді. Анам да, мен де қиналдым. Анамның да көзі көрмейді, ағам да ауырады, екінші ағам да кемтар. Әжем де қартайып келеді, жасы келіп.

Өтініш, көмектесіңіздерші. Бір баспана болса да жетеді. Өскен кезімде қайтарып беремін. Шынымды айтам», — дейді ол. Осы орайда «Харекет» қайырымдылық қоры елден Оразымбеттің тілегін тезірек орындау үшін шотқа қолдан келген соманы аударуды сұрады. Төменде жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалар үшін де реквизиттер берілген.

Реквизиттер: Kaspi Gold :+7(776)500 20 29Гүлмира +7 (747)500 20 29 Эльмира (қосымша голд)

Kaspi Gold: 4400 4301 4942 4548 ИИН: 720208401907

Kaspi қосымшасы: фонд «Харекет» Qiwi кошелёк : фонд «Харекет» Халық банк: 4390 8722 0349 4275 Сбербанк 4578 3200 0829 8644 Forte банк 5257 5201 0059 3397

Заңды тұлғалар үшін: ОФ «Благотворительный Фонд «Харекет» БИН 170940025833 KZ91722S000001298489 — KZT КБе – 17 АО «KASPI BANK» БИК CASPKZKA

kaz.nur.kz

 

[:]