Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов тіл мәселесіне қатысты толғандырған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Бұл мәселені бүкіл халық емес, бастамашыл топ көтеріп жатқан шығар. Бізге не маңызды: қазақ тілінің дамуы немесе орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі мәртебесінен айыру?

Мемлекеттік тілді дамыту. Біз, қазақтар, қазақ тілінде сөйлеуіміз керек және басқа ұлттарды осы тілде сөйлеуге тартуымыз керек.

Мұны ең алдымен жүзеге асыруымыз керек. Біз — көпұлтты елміз. Түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен сөйлесе алуі үшін орыс тілі қажет. Менің ойымша, орыс тілін мәртебеден айырудың қажеті жоқ», — деді ол Мәжіліс отырысында.

 
 

Рубрика: