Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Өткен айда аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан педагог әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Оның бұл іс-әрекеті видеоға түсіп қалған. Кейіннен белгілі болғандай, былапыт сөзді қарша боратқан әйел — Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істейді. Аты-жөні — Ұлжан Елмұратова.

Өткен айда аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан педагог әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Оның бұл іс-әрекеті видеоға түсіп қалған. Кейіннен белгілі болғандай, былапыт сөзді қарша боратқан әйел – Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істейді. Аты-жөні – Ұлжан Елмұратова.

Осы оқиғадан соң Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының пәрменімен Ұлжан Елмұратова қызметінен босатылған болатын. Дегенмен бұған қатысты дау әлі тыншымай тұр. Жақында Ордабасы ауылының тұрғындары Ұлжан Елмұратоваға қарсы митингке шықты. Бұл видео Facebook желісінде тарады.

«Халық әділдәк сұрап әлек болуда. «Зауыш» әйелден жәбір көрген халық өз базыналарын айтып, әділдікті іздеп көше бойына шыққан деседі. Құзырлы орган неге қауқарсыз? Бір адам бүкіл Бадамның аяғын бір етікке тыққызатындай не жағдай болды екен?! Бір адамның айтқанын ақиқат, бүкіл Бадам халқының айтқаны өтірік пе сонда?

Жең ұшымен жалғасқан жемқорлық қашан жойылып, қашан аяқталады? Кінәлілер қашан жазасын алады, әлде құзырлы органның да шамасы келмей жатыр ғой? 

Әлде бандитерді арластырып шешеміз бе?

Халыкка зәбір көрсеткен әйелдің сөзін сөйлеу өте ұят нәрсе. 

Айдос Домаев деген көзінде көзілдірігі бар, басында кепкасы мен қолын қалтасына салып тұрған інісі. Әпкесін ақтауға келіп, халықтың мысын баспақшы ойы болған тәрізді», – деп жазылған видеода.

kznews.kz

Рубрика: