Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әлемге әйгілі Барби қуыршағына ұқсауға тырысқан оралдық бикеш екі қабырғасын алдырып тастады. Сондай-ақ  эльфтерге еліктеген ол құлағының пішінін өзгерткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана тв» арнасына сілтеме жасап.

22 жастағы Елена Рагузованың салмағы қазір – 40 келі. Ал белінің өлшемі 46 сантиметрге дейін жіңішкерген. Күрделі операцияға 1 миллион 200 мың теңге жұмсапты. Дәрігерлер мұндай отадан кейін денсаулығын қалыпқа келтіру  үшін әлі жарты жыл күтінуге кеңес берген. Бірақ Елена оған қарамастан, тәнін тағы да жетілдірмек ойда.

«Денеме жеті жерден тату салғыздым. Астана мен Алматыға арнайы барып, осындай өрнек салатын шеберді таңдап алып жасаттым. Болашақтың Барбиі болғым келеді. Денеме чип салғызып, бүкіл ақпаратты сонда жинақтап, ақшамды сол чипте ұстасам деймін.  Сосын мұрным мен иегімді түзетуді жоспарлап отырмын», – дейді «Барбиге» ұқсағысы келген бойжеткен Елена Рагузова.

 

Рубрика: