Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Оралдағы автобуста жолаушы мен кондуктор жаға жыртысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 19 қаңтарда кешкі сағат 5-те болған көрінеді. Екі азаматтың төбелесі түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Куәгерлердің сөзінше, жаға жыртыс Оралдың 22-бағытындағы автобустың ішінде орын алған. 

Бейнежазбада кондуктордың жолаушыны бірнеше рет соғып-соғып жібергені байқалады. 

«Кондуктор мен автобус жүргізушісі жолаушының тыйым салынған жерге тоқтауды талап еткендігі жайлы айтты. Тексеріс амалдары жүргізілуде», — деді ПД қызметкерлері. 

22-бағыттағы автобус қарайтын «Батыс Қазақстан автобустар автопаркі» ЖШС басшыларының мәліметінше, жүргізуші мен кондукторға қатаң сөгіс жарияланыпты. Аталған іс бойынша ешкім шағым түсірмеген. 

 

 

Рубрика: