АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Оның орны сахна»: Ақбота Керімбекованың ұлы ерекше даусымен халықты таңдай қақтырды[:]

[:kz]

Ақбота Керімбекованың ұлы қазақстандық әншілердің қатарын толықтырды. Әншінің ізінен ерген атұстары Біржан ән салып, ерекше даусымен халықты таңдай қақтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Керімбекова үлкен ұлы Біржанның ән салған видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Әскерде борышын өтеп жүрген сері жігіт Отан қорғаушылар күнінде өнер көрсеткен. 

«Көпшіліктің сұрауы бойынша ұлым Біржан салған бір әнді назарларыңызға ұсынамын! Аққу армандарыңыздың қанаты талмасын!» — деп бөлісті Керімбекова. 

Желі қолданушылары Біржанның талантын жоғары бағалады. 

«Даусы қандай әдемі», «Керемет. Даусы жақсы екен, жағымды», «Сахнада жүрген небір қырылдап, ыңырсып айтатын әншісымақтардан мына Ақботаның Біржаны нағыз қоңыр дауысты, тембрі мықты әнші екен. Ер азамат әншінің дауысының осындай болғаны құлаққа жағымды естіледі ғой. Жүрекке жеткізіп тұрып айтады екен. Нұрлан Өнербаев ағасы сияқты сахнада жүрсе тамаша болар еді», «Сахнада дәл осы Біржандай нағыз тембрі мықты, әнші ер азаматтар болуы керек!», «Керемет. Тіл-көзден аман болсын», — деп тамсанды желі қолданушылары

Публикация от Акбота Керимбекова (@botakerim)

 

[:]